RU

Мәжіліске қандай партиялар өтті: Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Женщина в куртке бросает бюллетень в урну
Фото: t.me/tandau2021

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының қызметкері Сабила Мұстафина брифинг барысында нәтижелерді жариялады. Оның қорытындысы төмендегідей:

  • "Nur Otan" партиясы –71,09 %;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29 %;
  • "Адал" саяси партиясы – 3,57 %.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.

Айта кетейік, сайлаушылардың 7 пайызынан астам даусын жинаған саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша сайланады.

Ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан келеді.

Еске сала кетспек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті. Дауыс беру сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жалғасты.

Парламенттік сайлауда барлығы 10 060 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соның ішінде 66-сы 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылды.

Ал сайлаушылар тізіміне 11 915 903 қазақстандық енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893156-mziliske-kandaj-partialar-tti-sajlaudy-aldyn-ala-korytyndysy-zarialandy/