RU

Нұр-Сұлтандағы пациенттің өлімі: Полиция тергеуді бастады

Науқас
Көрнекі фото: piqsels.com

Полиция тергеуді Нұр-Сұлтандағы ауруханада науқас қайтыс болғаннан кейін бастады. Оның қайтыс болуына байланысты нақты ақпарат жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды", – деп хабарлады қалалық полицияда.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 33 жастағы әйелдің астаналық ауруханалардың бірінде қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Басылымдарда науқастың анафилактикалық шок болған деген болжам айтылды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға орын алған Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты бұл жайтқа қатысты пікір білдірген еді.

Бұл жағдай аталған мекеменің дәрігерлері үшін резонанстық жағдай болуда. Пациентке қатысты қосымша дерек, диагнозы және басқа да жеке ақпарат тергеу мүддесі үшін және денсаулық сақтау саласындағы отандық заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін әлеуметтік желіде Петропавл тұрғыны сырғанауға барған соң ауыр халде ауруханаға түсіп, комада жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ауыр жарақат алған әйел қайтыс болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893186-nr-sltandagy-pacientti-limi-policia-tergeudi-bastady/