RU

Түркістанда қарт анасына қол көтерген ер адамның видеосы тарады

Қол көтеру сәті
Скриншот: instagram.com/maxrmz85

Түркістанда қарт анасына қол көтерген ер адамның видеосы желіге тарап, көпшіліктің ашуын келтірді. Оқиғаға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram-дағы kris_p_kuljinka парақшасында жарияланған видеоның астында бұл жайт Түркістанда болғаны сөз етілген.

"Қазақстандықтар, бұл үлгі тұтарлық дүние емес! Мұны қолдамаңыз! Біз қайда бара жатырмыз? Анаға қалайша қол көтеруге болады?" - деп ашуланды автор.

Видеода қарт анасымен жанжалдасқан ер адам зейнеткерге саусағын шошайтып, содан кейін оған қол көтере бастағанын байқауға болады. Желі қолданушылары ер адамға сын-пікірлер жаудыруда.

Сол арада бұл видеоға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында түсініктеме берді.

"Бұл жазбаға сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментіне ешқандай арыз түспеген. Ал осы бейнежазба бойынша жедел әрекет еткен мониторингтік топтың анықтауымен, оқиғаның 2020 жылдың 14 қазанында орын алғаны, ер азаматтың Орал қаласының, ал егде жастағы әйел мен келінінің Түркістан қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Аталған тұлғалардың да, егде жастағы анасының да ешкімге қояр шағым арызы жоқ екенін айтып көрсетті", - делінген түсініктемеде.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда жанармай құю бекетіндегі тонау әрекеті видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз. Тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің кім екенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893235-trkistanda-kart-anasyna-kol-ktergen-er-adamny-videosy-tarady/