Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов: Екі әйелімнен екі ұлым бар

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген боксшы Данияр Елеусінов алғаш рет жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Белгілі спортшы бүгінде екі ұлдың әкесі екен. Алайда, перзенттері екі бөлек анадан туған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данияр Елеусінов отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарып, көпшілік біле бермейтін бірқатар тың мәліметті бөлісті.

Белгілі болғандай, былғары қолғап шебері қазіргі таңда екінші отбасымен тұратын болып шықты.

Алайда, ол бірінші жанұясы жайлы еш ұмытпаған. Оның айтуынша, бұрынғы жары мен ұлы бүгіндекөрші болып тұрады. Бұл туралы ол журналист Нұрсұлтан Құрманның Youtube-арнасына берген сұхбаты барысында баяндады.

"Жеке өміріме қатысты айтатын болсам, екі ұлым бар. Тұңғышым - Даниель, екінші ұлым - Мұхамед. Құдайға шүкір. Иә, екеуі екі бөлек анадан туған. Бірақ, екеуі де өз ұлдарым. Балаларым әрдайым қасымда. Бірінші жанұяммен бірге тұрмаймын. Баламды күнде көріп тұрамын. Бір тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Қасымызда көрші тұрады. Ол жерде ағам да, апам да тұрады. Балам күнде үйде, сол себепті қалаған кезімде көріп тұрамын" , - деді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.

Отандық боксшы көбіне Америка құрама штаттарында жатығып, жекпе-жектерін де сол жақта өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1893242-daniar-eleusinov-eki-jelimnen-eki-lym-bar/

pixel