Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жылынып алғысы келген мас әйел пәтерлерге баса көктеп кірген

Опубликовано:

Есік
Көрнекі фото: pixabay.com

10 қаңтарда Павлодарда Қамзин көшесіндегі №92 үйдің тұрғындары полицияға арызданды. Олардың сөзінше, белгісіз әйел пәтерлеріне баса көктеп кірген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасы.

Шақырту орнына келген тәртіп сақшылары әйелдің мас екенін анықтаған. Келіншектің сөзінше ол қонақтан шыққан. Жылынып алғысы келген ол өзге пәтерлердің есігін қаға бастаған.

Алада тәртіп сақшылары мұндай жауапқа қанағаттанбай, әйелді медициналық айықтыру мекемесіне апарған.

Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылған. Алдағы уақытта оған қандай жаза қолданылатыны белгілі болады.

Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, 2020 жылы өңірде 8 мың мас тәртіп бұзушы анықталған.

Еске сала кетсек, Павлодарда мас күйінде үйде жанжал шығарған ер адамды туыстары аязға қарамастан балконға қамап қойғанын жазған едік.

9 қаңтарда кешкі уақытта Павлодар қаласы полиция бөліміне 55 жастағы мас ер адамның үйде жанжал шығарып жатқаны туралы қоңырау түскен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адамның туыстары отағасының өзін агрессивті ұстап, бейәдеп сөздер айтып жатқанына шағымданған. Нәтижесінде отбасы ер адамды қатты аязда балконға қамауға мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері бұзақыны медициналық айықтырғыш мекемесіне әкелген. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Осы оқиға бойынша жиналған барлық материалдар сотқа жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893286-pavlodarda-zylynyp-algysy-kelgen-mas-jel-pterlerge-basa-kktep-kirgen/

pixel