Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа енді
Опубликовано:

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы "қызыл" аймаққа көшті де, Атырау облысы "сары" аймаққа қайта оралды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
12 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қазіргі таңда "қызыл" аймақта екі облыс болса, "сары" аймақта алты өңір бар.
- "Қызыл" аймақта: Ақмола, Қостанай облыстары;
- "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары;
- "Жасыл" аймақта: елдің басқа барлық өңірлері.
Қазақстан "сары" аймақта тұр. Бұл қазіргі карантин шараларын сақтауды көздейді.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 692 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 67
Алматы қаласы - 110
Шымкент қаласы - 8
Ақмола облысы - 60
Ақтөбе облысы - 3
Алматы облысы - 75
Атырау облысы - 74
Шығыс Қазақстан облысы - 27
Жамбыл облысы - 17
Батыс Қазақстан облысы - 47
Қарағанды облысы - 41
Қостанай облысы - 62
Қызылорда облысы - 6
Павлодар облысы - 23
Солтүстік Қазақстан облысы - 52
Түркістан облысы - 20
Осылайша ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 163 711-ге жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893315-kazakstanny-tagy-bir-iri-kyzyl-ajmakka-endi/