Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда үй қызметшісі пәтер иесінің 6 мың долларын ұрлап кеткен

Опубликовано:

Тазалықшы
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтанда полицейлер үй иесінің ірі сомадағы ақшасын ұрлады деген күдікпен қызметші әйелді қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында келіншек бір жыл бойы үй шаруасын атқарып, кейіннен жұмыстан шығып кеткені анықталды. Жұмыс берушілердің оның жұмысына шағымы болмаған. Керісінше бірнеше уақыттан кейін оны бір күндік жұмысты атқаруға қайта шақырған.

Күдікті өзіне берілген жұмысты орындап қана қоймай, үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 6 мың долларды қолды еткен. Ал жұмыс берушілер ақшаның ұрланғанын бір ай өткен соң ғана біліп, полицияға хабарласыпты.

"Полицейлер бұрын сотты болған 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қылмысын мойындады. Әйел ақшаның біраз бөлігін жұмсап үлгерген. Оның астана аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер қала тұрғындарын жұмысқа жалдайтын азаматтардың құжаттарын талап етіп, алдыңғы жұмыс берушілерінен ұсыныс хаттар сұрауға шақырады. Сонымен қатар, бағалы заттарды қараусыз қалдыруға және жақсы танымайтын адамдарға толық сенуге болмайтынын ескертті.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында құрбысының үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткен күдікті қолға түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893320-nr-sltanda-j-kyzmetsisi-pter-iesini-6-my-dollaryn-rlap-ketken/

pixel