Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңсыз «покер» ұйымдастырған шымкенттіктер жауапқа тартылды

Опубликовано:

Ер адам құмар ойнын ойнап отыр
Көрнекі фото: Sputnik / Нина Зотина

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың тағы бір дерегін анықтады деп хабарланды ведомствоның ресми Instagram парақшасында.

Белгілі болғандай, Шымкент тұрғыны қаланың 4-ші шағын ауданында пәтерді жалға алып, сол жерде заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастырған.

Заңсыз ойын ойнауға арналған ойын үстелі, фишкалар, колода карталарын және диллер тастарын алып, өзінің таныстарына «покер» құмар ойынын ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз іске асырған.

Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Тәркіленіп алынған 3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400 астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары – мемлекет кірісіне айналдырылды, ал 2 дана диллер тасы, 3 дана суреттер салынған мөртаңбалар және әр түрлі сандар жазылған қағаздар жойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893326-symkentte-poker-ojynyn-zasyz-jymdastyrgandar-zauapka-tartyldy/

pixel