Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина әсері ме: Желіде арқасы тұтас қызарған сәбидің суреті талқыланып жатыр

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандықтар арқасы қызарып кеткен сәбидің фотосын талқылап жатыр. Желі қолданушылары қабыршақты бөртпенің вакцинадан кейін шыққанын айтып, тіпті осындай реакция арқылы адамды дәрі-дәрмекпен баяу өлтірудің амалы деген шешімге келген. Бірақ ол ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Біріншіден, нәрестенің суреті ескі. Оны 2018 жылғы жарияланымдардан көруге болады. Демек, бұл фотосуреттің COVID-19 вакцинациясына ешқандай қатысы жоқ", – делінген ақпаратта.

Одан бөлек, баланың суреттегі бөртпесі аллергиялық реакцияға көбірек ұқсайды. Ондай реакция нәрестелер арасында болады және оның бірнеше себебі бар. Атап айтқанда:

  • емізетін ананың тамақ рационының өзгеруінен;
  • ультракүлгін сәулелерден;
  • тұрмыстық химия және баланың нәзік терісіне жарамсыз гигиена құралдарынан;
  • кейбір дәрі-дәрмек түрінен;
  • инфекциялар мен аурулардан өршуі мүмкін.

"Үшіншіден, фотосуреттегі балаға қашан, қайда және қандай вакцинаның жасалғаны белгісіз. Нәресте суретке түскенге дейін мүлдем екпе жасатпаған шығар. Сондай-ақ, фотосуретте көрсетілген бөртпе қандай да бір медициналық препараттың жанама әсері екенін растайтын сенімді ақпарат жоқ", – дейді сайт қызметкерлері.

Осылайша, суретте нәрестеге шыққан бөртпе анық көрсетілсе де, оның пайда болу себептері туралы нақты мәлімет жоқ. Демек, желіде тараған бұл дерек вакцинацияның "әлемдік үкімет тарапынан жасалып отырған геноцид" екенін дәлелдемейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893327-vakcina-seri-me-zelide-arkasy-ttas-kyzargan-sbidi-sureti-talkylanyp-zatyr/

pixel