Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ қанша елде COVID-19-ға қарсы вакцинация басталғанын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әлемнің 40-тан астам елінде бес түрлі вакцинаны қолдана отырып, халықты коронавирусқа қарсы егу науқаны басталды деп хабарлайды Хабар 24.

Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының көмекшісі Брюс Эйлвард мәлімдеді.

Оның айтуынша, COVID-19-қа қарсы вакциналар орташа жоғары табысы бар елдердің азаматтары үшін қолжетімді болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк басшысы үкіметтің онлайн-отырысында дамыған және ірі елдерде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияның басталуы нарықтарға оң әсер еткенін мәлімдеді.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы жоқ және болмаған" деген хабарлама тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр.

Одан бөлек, қазақстандықтар арқасы қызарып кеткен сәбидің фотосын талқылауда. Желі қолданушылары қабыршақты бөртпенің вакцинадан кейін шыққанын айтып, тіпті осындай реакция арқылы адамды дәрі-дәрмекпен баяу өлтірудің амалы деген шешімге келген. Бірақ ол ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ал бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде 33 жастағы әйел елорда ауруханаларының бірінде анафилактикалық шоктан қайтыс болды деген ақпарат тарады. Қайғылы оқиға орын алған Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"2021 жылы 8 қаңтарда Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында расымен науқастың өлімі тіркелді. Институт ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл жағдайға қатысты уәкілетті органдармен комиссия тағайындалып, Әділет министрлігіне қарасты органдар сот-медициналық сараптама жүргізді", - дейді институттың баспасөз хатшысы Дана Уанбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1893338-dds-kansa-elde-covid-19-vakcinaciasy-bastalganyn-ajtty/

pixel