Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз полициясы инсульт алған адамға көмектесті

Опубликовано:

Инсультке шалдыққан ер адам мен полиция қызметкерлері
Фото: polisia.kz

Екібастұз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері көшеде инсульт алған адамға көмектесті деп хабарлайды polisia.kz.

Белгілі болғандай бүгін, 12 қаңтар күні таңертең Екібастұз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Абай көшесінде жүрісі баяулаған 45-50 жас шамасындағы ер адамды байқаған.

Тұрғынның денсаулығы сыр бергенін сезген полицейлер бірден жедел жәрдем шақырған.

Тәртіп сақшылары дәрігерлер келгенге дейін ер адаммен әңгімелесуге тырысып, демеу көрсеткен. Жедел жәрдем келгеннен кейін ол "инсульт" диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

"Ер адамның құжаттары өзінде болмады, науқас сөйлемеді. Оның кім екендігі әлі анықталған жоқ. Егер оны таныған адам болса, 102 нөміріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.

Ауа температурасы өңірдің кей жерлерінде -35 С°-қа дейін жетеді. Осыған байланысты облыстың полиция қызметкерлері көшелерде қиын жағдайға тап болған немесе дәрменсіз күйге түскен адамдар мен жүргізушілерді анықтау мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ олар мас күйдегі және тұрғылықты жері жоқ адамдарға көмектеседі", – дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күн суытқалы бері тұрақты тұрғылықты жері жоқ 32 адамды қабылдау бөліміне, мас күйде қоғамдық орындарда болған тағы 2039 адам Екібастұз қаласының уақытша бейімделу және детоксикация (медициналық айықтырғыш) орталығына орналастырылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893380-ekibastz-policiasy-insultke-saldykkan-adamga-kmektesti/

pixel