Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран салдарынан Қарағанды маңында алты көлік соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Көлік апаты
Видеодағы кадр: instagram.com/life09kz

Қарағанды-Теміртау тас жолында ірі жол апаты болды. Қарлы боранның салдарынан ол жерде алты көлік соқтығысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде боран соғып, бұрқасын басталған. Қатты жел мен жолдың анық көрінбеуі салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылған. Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы тасжолда кептеліс орын алған.

Полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін елді мекендерден шықпауға және алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

Дегенмен ТЖД-ның ескертуіне қарамастан, жолға шыққан автокөліктер аз емес.

Мәселен ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы тас жолда алты көлік соқтығысқан. Абырой болғанда, жүргізушілер мен жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

"Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты алты көлік соқтығысты. Біз тағы да азаматтарды төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына және біздің ескертулерімізге бей-жай қарамауға шақырамыз. Жолдардың нашар көрінуі салдарынан кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Барлықтарыңыздан сапарды кейінге қалдыруды сұраймыз", – дейі Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, 13 қаңтарда боран соғып, жел күшейе түсуі ықтимал.

Еске салсақ, Ақмола облысында ауа райы қолайсыздығы салдарынан бірқатар жол жабылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893390-brkasyn-saldarynan-karagandy-mayndagy-alty-klik-soktygysyp-kaldy-video/

pixel