Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолында 15 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kazautozhol

Нұр-Сұлтан-Теміртау күре жолында 15 көлікке зақым келген ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір адам зардап шеккен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы бүгін 12 қаңтарда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, "КамАЗ" жүргізушісі жылдамдық қарқынын ескермей, Lada маркалы көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан бір бағытта келе жатқан 13 көлік бір-біріне бірінен соң бірі соғылған. Әзірге 1 адамның жарақат алғаны хабарланып отыр.

"12 қаңтарда таңертеңнен бері Нұр-Сұлтан-Теміртау жолында қар жауып, қатты боран соғып, жүргізушілерге жолды қарап отыруға қиынға соқты. Қазір жолда қар күреліп жатыр. Сағат түскі 13.00-ден бастап жергілікті полиция қызметі ол жердегі жол қозғалысына шектеу қою туралы шешім қабылдады", – дейді Қазавтожол ұлттық компаниясы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды-Теміртау тас жолында ірі жол апаты болғанын хабарлаған едік. Қарлы боранның салдарынан ол жерде алты көлік соқтығысқан.

Осы орайда полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін елді мекендерден шықпауға және алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

"Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты алты көлік соқтығысты. Біз тағы да азаматтарды төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына және біздің ескертулерімізге бей-жай қарамауға шақырамыз. Жолдардың нашар көрінуі салдарынан кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Барлықтарыңыздан сапарды кейінге қалдыруды сұраймыз", – дейі Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893405-nr-sltan-temirtau-taszolynda-15-klik-soktygyskan-iri-zol-apaty-boldy-video/

pixel