RU

Алматыда "Нұрия" тұрғын үй кешені өртенді (видео)

Өртенді
Видеодан кадр: instagram.com/dorogi_almaty_official

Алматыдағы "Нұрия" тұрғын үй кешенінде ірі өрт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай орнынан видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда биік ғимараттың өртеніп жатқаны көрінеді.

Алматы облысы ТЖД хабарлауынша, тоғыз қабатты ғимараттың өртенгені туралы хабарлама 2021 жылдың 12 қаңтарында сағат 17:57-де түскен.

Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер жіберілген.

"Алғашқы өрт сөндіру командалары шақырылған жерге сағат 18.10-да жеткенде, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынның сөндірілгені анықталды. Өрт тоғыз қабатты, жаңадан салынған екі иесіз тұрғын үйдің арасындағы оқшаулағыш материалдан шыққан", - дейді ведомство.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Еске сала кетсек, елордада жатақхана ретінде жабдықталған 20 бөлмелі жеке үй өртенгенін жазған едік. Өрт салдарынан үйдің төбесі опырылып түскен.

6 қаңтарда сағат 20:57-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелеріне үй жанып жатқаны туралы шақыру келіп түскен.

Өрт сөндірушілер келген бойда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан төбе бөлігі опырылып түскен.

Құтқарушылардың арқасында қызыл жалын сағат 21:24-те ауыздықталып, 15 минуттан кейін толық сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893412-almatyda-nuria-trgyn-j-keseni-rtendi-video/