Жаркентте 3-4 балдық жерасты дүмпуі болды
Опубликовано:

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 292 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС мәліметінше, жерасты дүмпулері 12 қаңтар күні Алматы уақытымен 19 сағат 21 минут 05 секундта сезілді
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 292-ші шақырымда Қазақстан аумағында тіркелді.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. Магнитудасы MPV 5.1. Эпицентр координаттары 44.45° с.ш. 80.10° в.д. Тереңдігі - 20 шақырым. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте 3-4 балл", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 1 қаңтарда Алматыдан 361 шақырым жерде 4,6 баллдық жер асты дүмпуі болғанын жазған едік.
Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтар Алматы уақыты бойынша 00 сағат 31 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жер асты дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.
Айта кетсек, 2020 жылдың 6 қарашасында да Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893415-zarkentte-3-4-baldyk-zerasty-dmpui-boldy/