Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Қырғызстанда көз жұмған қазақстандық баланың өліміне байланысты пікір білдірді

Опубликовано:

ҚР СІМ
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 12 жастағы отандасымыздың Қырғызстан аумағында мерт болуына байланысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, алдын ала болжамға сәйкес, қазақстандық бала шаңғымен сырғанаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

"Қазақстандық консул қаза болған баланың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста. Баланың ата-анасына барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, 12 жастағы қазақстандық жасөспірім Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл тау-шаңғы базасында көз жұмғанын жазған едік. Жеткіншектің өлімін облыстық ішкі істер басқармасы растады.

Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат полицияға бүгін 12 қаңтарда сағат 15.00 шамасында түскен.

Хабарламада жеткіншектің шаңғымен төменге қарай сырғанап келе жатып, шыршаға соғылып, оқиға орнында көз жұмғаны айтылған.

Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев жеткіншектің денесі базадан түсіріліп жатқанын, сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін денесі облыстық ауруханаға жеткізілетінін айтты.

Қайғылы оқиға болған жерде Қырғызстанның полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар болған жағдайдың себеп-салдары мен мән-жайын анықтауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893417-sim-kyrgyzstanda-kz-zmgan-kazakstandyk-balany-limine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel