Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Жолдағы көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Ведомство тұрғындарды ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға бей-жай қарамауға шақырып отыр деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, екі күннің ішінде (10-11 қаңтар) елімізде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жеті адам қаза тапқан, 50 адам түрлі жарақат алған.

Полицияның күшімен қар құрсауынан 30-дан астам көлік шығарылған.

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің хабарлауынша, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауы күтілуде.

"ІІМ аталған аймақтардың тұрғындарын ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен көліктер арасындағы қашықтықты қатаң сақтау керектігін ескертеді", - деп хабардар етті ведомство.

Сонымен қатар ІІМ 12 қаңтарында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толығымен жабылғанын, Ақмола және Қостанай облыстарындағы тас жолдарда СҚО бағыты бойынша көлік қозғалысы шектелгенін еске салды.

Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстары бағыты бойынша қозғалыс шектелген.

Еске салсақ, 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан-Теміртау күре жолында 15 көлікке зақым келген ірі жол-көлік оқиғасы тіркелген еді. Салдарынан бір адам зардап шеккен.

Оған қоса, Қарағанды-Теміртау тас жолында ірі жол апаты болды. Қарлы боранның салдарынан ол жерде алты көлік соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893445-iski-ister-ministrligi-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/

pixel