Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 36 жастағы әйелді өзінен 11 жас кіші жігіт зорлаған

Опубликовано:

Өгей әкесі зорлады деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: beta.nv86.ru

Оралда 36 жастағы әйел зорланған. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның ақпаратынша, 8 қаңтарда сағат түнгі 3 шамасында 25 жастағы жігіт өз үйінде 36 жастағы әйелді зорлаған.

Бұған дейін ер адам мүліктік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта Орал полиция басқармасы аталған факті бойынша "Зорлау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы сүйіктісін зорлаған экс-полицей алты жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Қос ғашықтың арадағы байланысы үзіліп, бір жылдан кейін жігіт өзінің бұрынғы сүйіктісін дүкенде кездестіріп, оны күштеп көлікке отырғызып, ұрып-соғып, ұялы телефонын сындырып, қызды әуежай жаққа алып кеткен.

Осылайша бұрынғы полицей жәбірленушіні психикалық тұрғыда қорқытып, зорлаған.

Сонымен бірге "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова Алматы облысы Өтеген батыр ауылындағы жанұя өзбекстандық жасөспірімді алты жыл бойы құлдықта ұстағанын мәлімдеген болатын.

Қоғам белсендісінің айтуынша, әжесімен Ташкенттен келген қыз құлдыққа 12 жасында түсіп, тек 18 жасында босап шыққан. Осы аралықта оны 24 жастағы үй иесі зорлап, жасөспірім екі рет босанған.

Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893482-oralda-36-zastagy-jeldi-zinen-11-zas-kisi-zigit-zorlagan/

pixel