Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табысын унитазға ағызған": Шымкентте пәтерді казиноға айналдырған келіншек қолға түсті

Опубликовано:

Унитаз
Көрнекі сурет: legkovmeste.ru

Шымкентте пәтерді казиноға айналдырғандар қолға түсті. Олар полицейлер келгенде, бар табысын унитазға ағызып үлгерген деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, базарда сатушы болып істейтін 31 жастағы Өзбекстанның тумасы көпқабатты үйлердің бірінен екі бөлмелі пәтер жалдаған.

Ішіне покер үстелін қойып, ойын карталары мен казино фишкілерін әкелген. Сөйтіп алғашқы клиенттерін қабылдап жатқан кезде экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері үстінен түскен.

Жедел топ казиноға кіргенде дилер болып істейтін қос бойжеткен үстел үстіндегі 300 мың теңгені әжетханаға ағызып жіберген.

Соған қарамастан дилерлер мен құмар ойынға құмартқан азаматтар ешқандай жауапкершілікке тартылмаған.

Ал пәтерді казиноға айналдырған 31 жастағы әйел жеңіл жазамен құтылған. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған келіншек 505 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Бұған сотталушының екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екендігі себеп болыпты.

"Ұстау кезінде аталған пәтерде бұл кісіден бөлек, яғни ойын ойнаған 6-7 адам анықталған. Дилер қызметін көрсеткен 2 әйел ұсталған. Олар істе куәгер болды", - дейді Абай аудандық сотының судьясы Қанат Мылтықбаев.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының тұрғынына "покер" ойынын заңсыз ұйымдастырғаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893491-tabysyn-unitazga-agyzgan-symkentte-pterdi-kazinoga-ajnaldyrgan-kelinsek-kolga-tsti/

pixel