Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда есіктің тұтқасына байланған граната табылды (видео)

Опубликовано:

Граната
Көрнекі фото: avto25.ru

Алматы қаласында жекеменшік үйдің сыртқы қақпасындағы есік тұтқасына байланған граната табылды деп хабарлайды zakon.kz.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Алматыдағы бір ауданды әскерилер, полиция қоршап тастағаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған еді.

Осы жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген.

"Граната тәрізді зат Алматының Наурызбай ауданындағы жеке секторда табылды. Граната әскери ұрыс қолданысына арналмаған. Оның қайда даярланғаны және кімге тиесілі екені арнайы сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық-процесуальдық кодекстің 287-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген", - делінген полиция хабарламасында.

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/sergek_kaz

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда қоғамдық тамақтану ғимаратында еден жуушы әйел граната тауып алған болатын. Оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері шақырылған еді.

Салдарынан тұрғын үй ғимараты мен қоғамдық тамақтану орнынан 40-тан астам адам қауіпсіз жерге шығарылған болатын.

Полиция қызметкерлері табылған затты тексерді. Нәтижесінде оның ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталған.

Сонымен қатар Тараз тұрғыны сот ғимаратын "жарамын" деп елді дүрліктірген еді.

Ол мекемеге кірген бойда, "сөмкемде граната бар, оны іске қосамын" деп айқайлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893521-almatyda-esikti-ttkasyna-bajlangan-granata-tabyldy-video/

pixel