Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда 12 жастағы қазақстандық мерт болды: Оқиға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Шаңғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында көз жұмған 12 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды деп хабарлайды 24.kg.

Басылымның Ыстық көл облысы Ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 2021 жылдың 3 қаңтарында Нұр-Сұлтанның 35 жастағы тұрғыны ұлымен бірге Шу облысы Тоқмақ қаласында тұратын туыс ағасына қонаққа келген.

10 қаңтарда ағасы отбасын және қонақтарын алып Қаракөлге шыққан. Ол жерле олар қонақ үйлердің біріне тоқтап, демалу үшін "Каприз" тау-шаңғы базасына барған.

"12 қаңтарда шамамен күндізгі бірде демалу кезінде бала 3040 метр биіктікке көтеріліп, сол жерден батыс бағытқа қарай сырғанаған. 2700 метр биіктікте батыстан шығысқа қарай бұрған кезде ол шыршаға соқтығысқан. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - дейді ІІБ.

Тағайындалған сот-медициналық сараптама нәтижесі жеткіншектің мойны мен аяқтарының сынғанын көрсеткен. Қазіргі уақытта сараптамалар жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12 жастағы қазақстандық жасөспірім Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл тау-шаңғы базасында көз жұмғанын хабарлаған едік.

Кейін, еліміздің сыртқы істер министрлігі аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Министрліктің хабарлауынша, алдын ала болжамға сәйкес, жеткіншек шаңғымен сырғанаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893528-kyrgyzstanda-12-zastagy-kazakstandyk-mert-boldy-okiga-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel