Алматыда каршеринг көлігі аударылып қалды: ішінде 9 адам болған (фото)
Опубликовано:

13 қаңтарға қараған түні оңтүстік астанада қозғалыс кезінде каршеринг көлігі аударылып қалды, сол сәтте көлік ішінде 9 адам болған, оның ішіндегі төртеуі кәмелетке толмаған. Хабарланғандай, оқиға Алматының Алатау ауданында болған.
Sputnik Қазақстан оқиға куәгерлерінің сөзіне сілтеме жасап жазғандай, жол апаты кезінде Volkswagen Polo көлігі Шарипов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Аханов көшесіне жетпестен машина күтпеген жерден жолдың шетіне шығып кетіп, содан кейін ол бүйіріне қарай аударылған.

Әрі қарай көлік асфальт үстінде бірнеше метр бүйірімен сырғанап, содан көлік тұрғын үйлердің бірінің темір қоршауына соғылғаннан кейін төрт дөңгелекке қайта тұрған. Апаттан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткені нақтыланды.
Алдын ала ақпарат бойынша, 2003, 2004 және 2006 жылы туған кәмелетке толмаған төрт жолаушы жарақат алған, ал көлікте барлығы 9 адам болыпты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жүргізушіні іздеп жатыр.
Еске салсақ, Павлодарда Елгин және Яков Геринг көшелерінің қиылысында жол апаты болды.
Жедел жәрдем жүргізушісі науқасты ауруханаға апара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған, салдарынан жәрдем мен жол толғамайтын көлік соқтығысқан.
Оған қоса, Алматыда қалың қар салдарынан жол апаты жиілеп, небәрі он сағатта 70-тен аса жол апаты тіркелген. Жол апатының дені көлік жүргізушілерінің ереже сақтамауынан туындауда. Осы орайда қала полициясы көлік жүргізушілерін сақ болуға үндейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893552-almatyda-karsering-kligi-audarylyp-kaldy-isinde-9-adam-bolgan-foto/