RU

Алматының қақ ортасында ер адам танысына оқ атты

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік астанада 26 жастағы бұзақы қаланың қақ ортасында танысының көлігіне оқ атты. Қарулы оқиға таңғы уақытта Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшесінің қиылысында орын алған деп жазады ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 1994 жылы туған азамат травматикалық тапаншамен 1993 жылғы танысының автокөлігіне оқ атып, қашып кеткен.

Тәртіп сақшылары бұзақыны бірден ұстап, оны уақытша тергеу изоляторына тоғытты. Күдіктіге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты бар тағы бір адамды іздестіріп жатыр.

"1994 жылы туған М.есімді азамат травматикалық тапаншамен 1993 жылғы И.азаматтың автокөлігіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік құралына механикалық зақым келді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, бейнебақылау жүйесінің деректері зерттелді. Күдіктілер дереу анықталып, олардың бірі қысқа мерзімде қамауға алынды. Заңсыз әрекеттердің тағы бір қатысушысы іздеуде. Оның қолға түсуі уақыттың еншісінде.
Тергеудің осы кезеңінде тараптардың бір-бірімен таныс екендігі анықталды, олардың арасында бір-бірімен дұшпандық қатынастар пайда болған, бұл ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуге алынған қылмыстың мотиві болды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары кешені жалғасуда" , – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1893569-almatyny-kak-ortasynda-er-adam-tanysyna-ok-atty/