Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған Армения президенті ауруханаға түсті

Опубликовано:

Армения президенті
Фото: Хабар 24

Коронавирус жұқтырған Армения президенті Армен Саркисян екіжақты пневмониямен ауруханаға түсті.

5 қаңтарда сол кезде Лондонда жүрген Саркисянның коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар оның әйелі де инфекцияны жұқтырған деп жазады Хабар 24 арнасы. Армения басшысының баспасөз қызметі Саркисянның денсаулығы тұрақталған кезде дәрігерлердің рұқсатымен еліне оралатынын айтты.

"Коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан Саркисян ауруханаға ауыстырылды. Ауру ауыр өтіп жатыр, жоғары дене қызуы мен екіжақты пневмония бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркіменстанның Лебап облысында шенеуніктер, бюджет қызметкерлері мен мектеп оқушылары өздерімен бірге қызылмия тамырының шәрбатын алып жүруге міндеттелді.

Шөптен жасалған шәрбәт мемлекеттік мекемеде оқитын немесе қызмет ететін әрбір жұмысшының дәрі қобдишасында болуы керек. Басылымның жазуынша, тіпті Фарап ауданында бюджет қызметкерлеріне осындай дәрі қобдишасы болмаса жұмысқа жіберілмейтіні туралы ескерту жасалған.

Мектеп оқушыларына да осындай талап қойылған. 18 қаңтарда сабақ басталғаннан кейін балалардың қобдишасында қызылмия тамырының шәрбаты, антисептик, бес медициналық маска, оксолин жақпа майы мен резеңке қолғап болуы міндетті. Егер аталған дәрілер мен қорғаныш заттары болмаса мұғалімдерге сөгіс жарияланып, ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893594-covid-19-zktyrgan-armenia-prezidenti-auruhanaga-tsti/

pixel