RU

Қиясов: Қазақстан COVID-19 екінші толқынының даму сатысында

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитар дәрігері елде коронавирус жұқтыру деректері артып жатқанын мәлімдеді. Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен брифингіде мұны COVID-19 екінші толқыны деп атауға болатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Шын мәнінде ауру жұқтыру деңгейі артып келеді. Пессимистік емес, реалистік нұсқада өршіп жатыр. Біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп нақты айта аламыз",- деді елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов.

Ол соңғы айда Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі қаншалықты артқанын жеткізді. Ақпарынша:

Коронавирус деректері Атырау облысында 3,7 есе - 652 - ден 2417 жағдайға дейін,

Алматы облысында 1,8 есе - 878 - ден 1552 жағдайға дейін,

Қарағанды облысында 677 - ден 1045 жағдайға дейін,

Алматыда 1,5 есе-1889-дан 2769 жағдайға дейін,

Маңғыстау облысында 81-ден 315 жағдайға дейін,

Түркістан облысында 102-ден 256 жағдайға дейін,

Шымкентте 150-ден 195 жағдайға дейін,

Қызылорда облысында-48-ден 135 жағдайға дейін артқан.

Қиясовтың сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы адамдардың алдын алу шарасын сақтамауына тікелей байланысты.

"Жұмыс берушілер өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, кәсіпкерлік субъектілері белгіленген талаптарды орындауы қажет, олар үлкен инвестицияны қажет етпейді және оларды орындау оңай", - деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 766 адам тіркелді. Олардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893600-kiasov-kazakstan-covid-19-ekinsi-tolkynyny-damu-satysynda/