Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас санитары: Коронавирустың жаңа штаммы жастар арасында таралуда

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бас санитары Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Англияның оңтүстік-шығысында тіркелген коронавирустың жаңа штаммы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, мутация вирустар эволюциясының табиғи бөлігі болып саналады.

"Қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығысында генетикалық жолдағы көптеген өзгерістерден тұратын вирустық геномдық жүйелеуден коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда вирустың бұл түрі Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланды, Ресей және басқа да бірнеше елдерден табылды" - деді Қиясов.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес инфекцияның басқа нұсқаларына қарағанда, бұл вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралады.

Бас санитар бірақ мұның барлығы алдын ала зерттеулер екенін жеткізді.

"Бұл құбылысты зерттеу әлі де жалғасып жатыр. Елімізде вирустың бұл түрі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оны елімізге әкелу қаупін де жоққа шығаруға болмайды", - деді Қазақстанның бас санитары Ерлан Қиясов.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 766 адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 164 477-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893602-elimizdi-bas-sanitary-koronavirusty-zaa-stammy-zastar-arasynda-taraluda/

pixel