Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан "сары" аймақта: Елде карантин талаптары күшейтілуі мүмкін бе

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел тұрғындарына үндеу жасап, карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, соңғы айда еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус жұқтырған науқастар көбейген.

Қазақстан "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты.

Қиясов соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалғанын жеткізді.

Ал Алматы обылсында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында – 1,5 есеге өскен.

"Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылып жатыр", - деді бас санитар дәрігер

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға үндеу жасады.

Қиясовтың сөзінше, азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын, деді бас санитар дәрігер.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 766 адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 164 477-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893605-kazakstan-sary-ajmakta-elde-karantin-talaptary-ksejtilui-mmkin-be/

pixel