Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық танымал боксшының үйі өртенді

Опубликовано:

Фото
Фото: Біржан Жақыптың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовтің ата-анасы тұратын үйі өртенді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл хабарды бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Оның сөзінше, тілсіз жау салдарынан үй, қажетті заттар мен құжаттар толық өртенген.

Қызыл жалын орын алған кезде боксшының ата-анасы ұйықтап жатқан екен. Қуанышқа орай, олар далаға қашып үлгерген.

Осы орайда Біржан Жақыпов оқырмандарын Ілияс Сүлейменовке көмек қолын созуға шақырды.

Фото
Фото: Біржан Жақыптың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Айта кетейік, Ілияс Сүлейменов 1991 жылы 29 наурызда Астана қаласында Егіндікөл селосында дүниеге келген.

Ол Қазақстан Республикасының спорт шебері, көптеген ұлтаралық жарыстардың жеңімпазы.

Боксшы Азия ойындарының чемпионы (2014 жыл), Азия Біріншілігінің күміс жүлдегері (2011 жыл), әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2010 жыл), Қазақстан Республикасының чемпионы (2010, 2012 жыл), Галльде өткен турнирдің жеңімпазы (2014 жыл), Қазақстан Республикасы президенті кубогінің жеңімпазы (2012 жыл), Қазақстан президенті кубогінің финалисті (2010 жыл), Қазақстан президенті кубогінің қола жүлдегері (2014 жыл).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893614-kazakstandyk-tanymal-bokssyny-ji-rtendi/

pixel