Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда карантинде жұмыс істеген казино иесі 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Опубликовано:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері коронавирустың тарауының алдын алу мақсатында енгізілген карантин шектеулеріне қарамастан заңсыз жұмыс істеген казиноның жұмысын тоқтатты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бас санитарлық дәрігердің қаулы талптарына сәйкес, елде казинолардың барлығының жұмысына тыйым салынған. Алайда, қалада бір казиноның құпия жағдайда жұмыс істегені анықталды.

Біз келген кезде казинода 60 адам отырды. Аталған факті бойынша жиналған фото, видеоматериалдар шара қабылдау үшін тиісті органға жіберілді",- -деді Қапшағай қалалық полиция бөлімінің өкілдері.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін казино иесі 900 мың теңгеден астам айыппұл төлейді.

Айта кетейік, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел тұрғындарына үндеу жасап, карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, соңғы айда еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус жұқтырған науқастар көбейген. Қазақстан "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты. Қиясов соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға үндеу жасады. Қиясовтың сөзінше, азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын, деді бас санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893625-kapsagajda-karantinde-zmys-istegen-kazino-iesi-1-mln-tegege-zuyk-ajyppl-tlejdi/

pixel