Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте 834 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 834 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 165 311-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 834 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 123,

Алматы қаласы - 122,

Шымкент қаласы - 14,

Ақмола облысы - 59,

Ақтөбе облысы - 13,

Алматы облысы - 56,

Атырау облысы - 75,

Шығыс Қазақстан облысы - 39,

Жамбыл облысы - 13,

Батыс Қазақстан облысы - 40,

Қарағанды облысы - 40,

Қостанай облысы - 74,

Қызылорда облысы - 11,

Маңғыстау облысы - 10,

Павлодар облысы - 70,

Солтүстік Қазақстан облысы - 59,

Түркістан облысы - 16.

Еске сала кетсек, кеше бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел тұрғындарына үндеу жасап, карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын, деді бас санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893645-kazakstanda-tken-tulikte-834-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel