Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хоум Кредит Банкі" Euromoney журналының нұсқасы бойынша 2020 жылдың үздік Digital банкі атанды

Опубликовано:

"Хоум Кредит Банкі"
Фото: "Хоум Кредит Банкі"

Британиялық белді Euromoney бизнес-журналының азиялық бөлімі жыл сайынғы халықаралық Asiamoney Best Bank Awards жүлдесінің қорытындысын шығарды.

"Хоум Кредит Банкі" Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасымен The Best Digital Bank номинациясы бойынша Қазақстанда үздік деп танылды.

Аталмыш жүлде жыл сайын өткізіледі. Оның аясында Euromoney халықаралық медиа тобының сарапшылары Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең үздік қаржы институттарына Asiamoney Best Banks Awards жүлделерін табыстайды.

2019 жылы "Хоум Кредит Банкі" қаржылық сауаттылық жобасымен Қазақстанда The Best Bank For CSR 2019 (корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша үздік) атағына ие болды.

Бұл жолы Asiamoney сарапшылары банктің 2020 жылы өз мобильді қосымшасын жасаудағы жұмысын жоғары бағалады.

2020 жыл және COVID-19 коронавирусының әлемдік пандемиясы Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем үшін күрделі сынаққа айналды.

Коронавирус және оның салдары банктік қызметті цифрландыру үдерісін едәуір жеделдетіп, Қазақстан үшін цифрлық дамудың катализаторына айналды. Себебі, онлайн қызметтерді, оның ішінде интернет-банкингті X және Z буындарына ғана емес, қазақстандықтардың аға буындарына да игеруге тура келді.

Бүгінде сапалы мобильді қосымшаның бар болуы - банк саласының ажырамас бөлігіне айналған. Себебі, бүгінгі таңда белгілі бір банк қызметтерін күнделікті қолданатын смартфон иесін телефонында орнатылған банк қосымшасынсыз елестету мүмкін емес.

"Хоум Кредит Банкінің" толығымен жаңартылған мобильді қосымшасы 2018 жылдың көктемінде іске қосылды. Енді мобильді қосымшада кез келген банктік қызмет клиенттерге қолжетімді болып отыр: несиелеу, депозиттер, төлемдер, аударымдар, валютаны айырбастау, өзіне-өзі қызмет көрсету құралдары.

"Хоум Кредит Банкі" өз қосымшасын жетілдіру кезінде, ең алдымен банктің негізгі тұжырымдамасын - отбасылық құндылықтарды басшылыққа алып, кез келген отбасы мүшесіне, яғни жас ұрпақтан бастап біздің әжелеріміз бен аталарымызға дейін күнделікті қолдануға ыңғайлы және оңтайлы болатын мобильді қосымшаны құруға тырысты.

ТЖ (төтенше жағдай) және одан кейінгі локдаун кезінде Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасы өз клиенттеріне барлық қызметтерді онлайн режимінде толыққанды ұсынуда банкке көп көмегін тигізгенін атап өту керек.

Бүгінгі таңда қосымшаның ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны 1,5 миллионға жетті, ал мобильді банкингтің белсенді клиенттерінің үлесі 2019 жылы 43%-дан 2020 жылы 84%-ға жетті.

"Хоум Кредит Банкі"
Фото: "Хоум Кредит Банкі"
"Бүгінгі таңда байланыс үшін төлем жасау, картадан картаға аударымдар жасау, жинақ шоттарын толтыру және өзге де мобильді транзакциялар жасау біз үшін қалыпты жағдайға айналып үлгерген. Белгілі бір опциялардың бар болуы енді айтарлықтай мәселе емес, себебі олар көптеген банктерде азды-көпті ұқсас келеді. Бүгінде маңыздысы - сіздің қаншалықты сапалы қызмет пен жекешелендірілген тәсілді ұсынуға дайын екендігіңізде. Шынайы күрес осында өрбиді", - дейді банктің басқарма төрағасы Карел Горак.

"Хоум Кредит Банкі" өз мобильді қосымшасының жұмысын жақсарту үшін, ең алдымен, клиенттер банктің қызметтерін пайдалану кезінде өздерін мүмкіндігінше жайлы сезінуі үшін күн сайын ауқымды әрі қажырлы жұмыс жүргізеді, бұны қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығы (ҚИБҚ) және IntervaleKazakhstan компаниясы құратын Қазақстандағы ұялы қосымшалардың жыл сайынғы рейтингінде 2020 жылы банктің үшінші орынды иеленуі растай түседі.

"Бұл біздің барлық банк бөлімшелеріміздің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Атап айтқанда, клиенттерге ең тиімді қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, 2019 жылдың өзінде өнімдерді даярлауды қолға алған IT және онлайн-бизнестің табысты тандемінің арқасында мүмкін болды. Мәселен, банк бөлімшелеріне бармай онлайн несие алу немесе кез келген банктің картасына өз картаңыздан тегін аударымдар жасау", - деп қорытты Горак мырза.

Әрине, банк мамандары қолданыстағы қызметтерді жақсарту және жаңаларын іске қосу жолында әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын жоққа шығармайды.

Сонымен қатар, банк техникалық таланттардың және цифрлық мамандардың жаңа буынын даярлау үшін арнайы IT оқыту орталығын ашуды жоспарлап отыр.

"Хоум Кредит Банкі" тұтынушыларды қаржыландырудың дүниежүзілік платформасы болып табылатын Home Credit N.V. халықаралық холдингінің бір бөлігі болғандықтан және Home Credit Group B.V. тобының өзі әлемнің 10 елінде, соның ішінде Орталық және Шығыс Еуропада, ТМД елдерінде, Қытайда, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұсынылып отырғандықтан - бұл банкке халықаралық тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар бір-бірінен үйренуге мүмкіндік береді, себебі цифрландырудың дамуы бүкіл топ үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893662-houm-kredit-banki-euromoney-zurnalyny-nskasy-bojynsa-2020-zyldy-zdik-digital-banki-atandy/

pixel