Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минус 30: Қазақстанның бірнеше қаласында оқушылар мектепке бармайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның бірнеше өңірінің оқушылары қатты аяз салдарынан қашықтықтан оқытуға көшірілді. Мұндай шешімді жергілікті білім басқармалары қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорданың білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 14 қаңтарда ауаның төмендеуіне байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады.

Сонымен қатар, Қарағанды мектептерінде бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды, делінген облыстық білім басқармасының Telegram мессенджеріндегі ресми парақшасында.

Өскемендегі бастауыш сыныптардың бірінші ауысымындағы оқушылар да бүгін үйде қалады, деп жазады yk-news.kz. Қаладағы ауа температурасы 29 градустан төмендеген.

Қостанай облысында бүгін минус 33 градус. Мұнда 0-11 сынып оқушыларының бірінші және екінші ауысымдары қашықтықтан өткізіледі, деп хабарлайды alau.kz.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893667-minus-30-kazakstanny-birnese-kalasynda-okusylar-mektepke-barmajdy/

pixel