Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің жарлығымен Айгүл Құспан қызметінен босатылды

Опубликовано:

Айгуль Куспан
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі Айгүл Құспанды қызметінен босатты деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген құжат мәтінінде.

Еске салайық, Айгүл Құспан "Nur Otan" партиясынан парламент мәжілісіне депутат болды.

Мәжілісте барлығы 107 депутаттық орын бар. 10 қаңтарда өткен сайлау нәтижесінде сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған үш партия мәжіліске өтті.

Мәжілістегі депутаттық мандат: "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, Қазақстан Халық партиясы - 10 мандат.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893682-tokaev-zarlygymen-ajgl-kspan-elsi-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel