Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахымжанов Тұңғыш президент кітапханасының директоры қызметінен босатылды

Опубликовано:

Әмірхан Рахымжанов
Әмірхан Рахымжанов. Фото: otyrar.kz

Әмірхан Рахымжанов Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кітапханасының директоры қызметінен ресми түрде босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды" , - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Әмірхан Рахымжанов «Nur Otan» партиясынан парламент мәжілісіне депутат болды.

Елімізде мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті.

Оның нәтижесінде парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды: «Nur Otan» партиясы (76 мандат), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (12 мандат), Қазақстан Халық партиясына (10 мандат).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893687-mirhan-rahymzanov-tgys-prezident-kitaphanasyny-direktory-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel