Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы сауда орталығы өртке оранды

Опубликовано:

Елордада сауда орталығы өртенді
Фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Бейсенбі күні таңертең Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) аймағында сауда үйінің шатыры отқа оранды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қалың түтін алыстан көрініп тұрды.

Өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне сағат 8.59-да Мәмбетов көшесіндегі 1 үй мен Оқушылар сарайының жанындағы сауда шатыры өртеніп жатыр деген хабарлама түскен.

"Оқиға орнында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен жеке құрамның 11 қызметкері жұмыс істеді. Тілсіз жау он шаршы метр аумақты күлге айналдырды", – делінген хабарламада.

Сағат 9.12-де өрт толық сөндірілді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында мүгедек баланы автобусқа отырғызып, оның анасын алмай кеткен қоғамдық көлік жүргізушісі жазаға тартылды.

«№1 автобус паркі кеңесінің тәртіптік қорытындысына сәйкес, 2021 жылғы 11 қаңтар күні №60 автобустың жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау туралы ережені сақтамаған. Оны автобус салонында түсірілген видеожазба дәлелдеп отыр. Автобус жүргізушісінен жазбаша түсініктеме алынды.

Автобус паркі кеңесінің шешіміне сәйкес, бүгінде тәртіпті бұзған жүргізушімен еңбек келісімшарты үзілді. Болған оқиға қайталанбау мақсатында барлық автобус жүргізушілер құрамы жолаушыларды қоғамдық көлікке отырғызу және одан түсіру ережесімен қайта таныстырылды», - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893697-nr-sltandagy-sauda-ortalygy-rtke-orandy/

pixel