Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ленин шахтасындағы апатты жағдай: Жер астында 137 адам болған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ленин шахтасында газ бен көмір апаттық жағдайда шығарылды. Соның салдарынан бұрғылау қондырғысының машинисі ұңғымадан шыға алмай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "АрселорМиталл Теміртау" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ленин шахтасындағы газдың апаттық шығуы 13 қаңтарда кешке бұрғылау жұмыстары кезінде орын алған. Қызметкерлер бригадасы жұмыс орнын тастап шықты.

"Бұрғылау қондырғысының машинисі ұңғымадан шыға алмай қалған. Апатты жою жоспары іске қосылды. Аталған апатты тексеру үшін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында комиссия құрылды", - деп хабарлады "АрселорМиталл Теміртау" ЖШС баспасөз қызметі.

Оқиға кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болғандығы белгілі, олардың 136-сы жер бетіне шығарылды.

"Аппаратураның көрсеткіштеріне сәйкес шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келді. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті компания.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Ленин шахтасындағы жағдай бойынша комиссия құрылды, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік төрағасынан, еңбек инспекциясы басқармасының өкілдерінен, кәсіподақтан және шахта басшылығынан тұрады", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893713-lenin-sahtasynda-bolgan-apatty-zagdaj-137-adam-zmys-istep-zatkan/

pixel