Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық қылмыстық топ мемлекетке 537 млн теңге шығын келтірді (видео)

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Қарағандыда мемлекетке 537 миллион теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді.

Аталған қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында Қарағанды қаласының аумағында іс жүзінде жұмыстар жүргізілмегеніне және тауарлар жеткізілмегеніне қарамастан, жалған шот-фактураларды жазумен айналысып келген екен.

Тергеу жүргізу барысында, қылмыстық топтың жеті адамнан, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшыларынан құралғаны анықталды.

Олар тіркеу үшін үй-жайларды іздеу мен жалға алуды, сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіріп, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және өзге де заңсыз әрекеттерді жүзеге асырып келген.

Ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 537 миллион теңгені құрап отыр.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында жалпы сомасы 121,3 миллион теңгені құрайтын бақылаудағы кәсіпорындардың қаражаты бұғатталды.

27 желтоқсан күні қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893723-karagandyda-jymdaskan-kylmystyk-top-memleketke-537-mln-tege-zalal-keltirdi-video/

pixel