Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалым: Қазақстанда коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті, ғалым Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің шарықтау шегі қашан болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлаған. Ғалым болжамын Вашингтон университетіне қарасты Медициналық метрика және бағалау институтына (IHME) сүйене отырып жасаған. Деректерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі.

Алмаз Шарманның айтуынша, вирус жұқтыру көрсеткіші өткен жаздағымен салыстырғанда 45 пайызға төмен болады деп болжануда.

Ол қазақстандықтарды алдағы айларда аса сақ болуға шақырды.

"Маска тағыңыздар, әлеуметтік қашықтықты сақтап, көп адам жиналатын жерлерден, әсіресе аз желдетілетін ғимараттардан қашыңыздар, жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтаныңыздар және физикалық түрде белсенді болуға тырысыңыздар", - деп ескертті Алмаз Шарман.

Болжам
Фото: facebook.com/almaz.sharman

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 834 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 165 311-ге жетіп отыр.

Айта кетсек, 13 қаңтарда бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел тұрғындарына үндеу жасап, карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893758-galym-kazakstanda-koronavirus-zktyrudy-saryktau-segi-2-nauryzda-ktiledi/

pixel