Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тергеу аяқталды: "СҚ-Фармацияның" экс-басшысына қатысты іс сотқа жіберілмек

Опубликовано:

Берік Шәріп
Берік Шәріп. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

"СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жақын арада сотқа жіберіледі. Соған қатысты тергеу аяқталған.

Бұл туралы журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев хабарлаған деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазір іспен танысу жұмысы жүріп жатыр, жақын уақытта іс сотқа жіберіледі. Тергеу аяқталды", - дейді Алик Шпекбаев.

Сонымен бірге төрағаға БАҚ өкілдері Берік Шәріп қазіргі таңда айыпталушы ретінде таныла ма деген сауал қойды.

"Иә. Танысу жүріп жатыр, қорғаушылар бірнеше сұрағын қойып отыр. Ең бастысы істі тергеу аяқталды. Іспен танысу жақын күндері аяқталуы тиіс. Содан кейін сотқа жіберіледі", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Шпекбаевтың сөзінше, "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Қазір іс салғырттық бабына ауыстырылған.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 21 сәуірде елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде Берік Шәріп "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымының жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Өткен жылдың 14 тамызында "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріптің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893777-tergeu-aaktaldy-sk-farmacia-ny-bryngy-bassysyna-katysty-isi-sotka-ziberilmek/

pixel