Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арбатта аюлар жүр": Алматы полициясы мейрам күндері болған қызықты жайттарды айтты

Опубликовано:

Арбатта жүрген пандалар
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы Жаңа жыл қарсаңындағы қызықтар туралы айтып берді деп хабарлайды polisia.kz сайты.

"102" қызметінің хабарлауынша, Алматыда жаңа жылдық мерекелер тыныш өткен. Дегенмен мейрам күндері күлкілі жайттар да болған.

"Бізге Жібек жолы көшесіндегі Арбатта аюлар жүргені туралы хабарлама түсті. Дереу бейнебақылау камераларын Арбатқа бағыттадық, сол кезде онда панда киімін киген тоғыз адамның жүргенін анықтадық.

Олар ойын-сауық іс-шарасының қатысушылары болып шықты. Жалпы Жаңа жыл түні тыныш өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, бұрын Жаңа жыл қалада кең көлемде тойланатын. Бұл жолы Алматыда бұқаралық мерекелік шаралар болған жоқ, қоғамдық орындарда көліктер мен азаматтар аз болды", – дейді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.

Айта кетейік, осыған дейін зооқорғаушылар Алматы облысында тұлыптар мен кілемдер үшін қасқырларды 140 мың теңгеге өлтіретін жеке үйді анықтаған еді. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірген болатын.

"Талғар ауданының полиция басқармасы тексеру шараларына кірісті. Кінәлілерге қолданыстағы заңға сәйкес міндетті түрде шаралар қолданылады", - деді өңірлік ПД.

Бұл жайтқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де назар аударды.

"Егер бұл фактілер расталса, заң бұзушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалады", - деді ведомсто өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893833-arbatta-aular-zr-almaty-policiasy-mejram-knderi-bolgan-kyzykty-zajttardy-ajtty/

pixel