Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті. Оның екеуі — бес және алты жастағы балалар деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы, "Мушелтой" шағынауданы, 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды.

Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖД мамандары 15 адам, оның ішінде 8 баланы арнайы баспалдақпен эвакуациялаған.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, өрт 20 минутта сөндірілген. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің 27 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылған.

"Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болды", - деп толықтырды ТДЖ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды, жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды және төсекте темекі шекпеуді ескертеді.

Еске сала кетсек, 14 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) аймағында сауда үйінің шатыры отқа оранғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893837-taldykorganda-pter-rtenip-trt-adam-auruhanaga-tsti/

pixel