Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ондаған көлік қарлы боран астында қалды (видео)

Опубликовано:

Құтқарушылар мен полиция
Фото: polisia.kz

Алматы облысының тас жолдарында ондаған көлік қарлы боран астында қалды, полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруды өз қолдарына алды деп хабарлайды Polisia.kz.

Райымбек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына қар құрсауынан шығуға көмектесуде. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстың көптеген автожолдарында осындай проблемалар туындауда.

"Райымбек ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары боран салдарынан жолда қалып қойған адамдарға көмектесу үшін аудан автожолдарын патрульдеуде. Олар сондай-ақ асфальтты қардан үзіліссіз тазартатын қар жинайтын машиналарды осы қиын жерлерге тартуда", – дейді Райымбек ауданының ПБ бастығы Мұрат Нұрдәулетов.

Желіде жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің қызметтік көлікпен тұрып қалған машиналарды буксирмен шығарып жатқанын көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар қатты жел мен қалың тұманға байланысты жабылды. Ал полицейлер өз кезегінде бұл орындарда тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

"Қатты боранға қарамастан, тұрғындар мұқтаждықтарына байланысты жол жүріп, ұзақ сапарларға шығады. Сапар барысында сіздерден бұл туралы таныстарыңызға және туыстарыңызға хабарлауларыңызды сұраймыз. Қосалқы жылы киімдерді, сіріңкелерді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасын өзіңізбен бірге алыңыз. Есіңізде болсын, қатал ауа райы сізге қатал мінез танытуы мүмкін!", – деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893847-almaty-oblysyny-tas-zoldarynda-ondagan-klik-karly-boran-astynda-kaldy/

pixel