Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені Алматыдан: Елімізде өткен тәулікте тағы 835 адамнан COVID-19 анықталды

Опубликовано:

Бетперде
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 166 146-ге жетті. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 835 адам тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 74

Алматы қаласы - 131

Шымкент қаласы - 25

Ақмола облысы - 68

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 69

Атырау облысы - 85

Шығыс Қазақстан облысы - 41

Жамбыл облысы - 17

Батыс Қазақстан облысы - 41

Қарағанды облысы - 42

Қостанай облысы - 73

Қызылорда облысы - 9

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 75

Солтүстік Қазақстан облысы - 50

Түркістан облысы - 21

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 166 146.

Айта кетейік, бұған дейін елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы дайындап жатқанын мәлімдеген еді.

Айтуынша, соңғы күндері Нұр-Сұлтанда COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны өскен. Ал коронавирустың таралуын азайтуға карантиндік шектеу шаралары көмектеседі деген ойда.

Сонымен қатар Кенияның оңтүстік-шығысынан коронавирус инфекциясының жаңа 16 штамы анықталғаны хабарланған болатын.

Бұл туралы осы елдің Медициналық зерттеулер институтының мамандары мәлімдеген. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған мутация түрлерін зерттеуге шұғыл кіріскен.

Ғалымдар әсіресе 4 штамның аса белсенді екенін айтады. Оның үстіне жаңа мутациялық өзгерістерді зертханада анықтау қиын, себебі олар аурудың бастапқы кезеңінде байқала қоймайды.

Әрі кениялық штамдар "британиялық" түрге мүлдем ұқсамайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893879-deni-almatydan-elimizde-tken-tulikte-tagy-835-adamnan-covid-19-anyktalgan/

pixel