Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі сағатта екі ұрлық: Алматы облысындағы сауда үйінде екі әйел ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысындағы ұрлық сәті
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері сауда үйінен екі ұрыны ұстады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Қарасай ауданының аумағында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан екі сауда үйінен белгісіз біреулер электр тауарлары мен киімдерді ұрлаған. Алынған бейнематериалдар негізінде полиция қызметкерлері күзетшілердің көмегімен екі күдіктіні ұстады.

Олар Алматы облысының 19 және 29 жастағы тұрғындары болып шықты. Анықталғандай әйелдер екі сағат ішінде екі ұрлық жасаған. Ұсталған бойда олардан ұрланған мүлік тәркіледі.

"Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген күдіктілер ұрлық жасағанын толық мойындады. Ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істер тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді" , – деп хабарлады Қарасай АПБ бастығының орынбасары Айдос Қалжатбай.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны эвакуатор көмегімен біреудің көлігін ұрлап кеткенін жазған болатынбыз.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 34 және 29 жастағы екі ер адамды ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893990-almaty-oblysynda-policejler-sauda-jinen-eki-ryny-stady/

pixel