Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында карантинге қарамастан 50-60 адаммен көкпар өткізілген

Опубликовано:

Көкпар
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Түркістан облысында полицейлер карантинге қарамастан көкпар ұйымдастырғандарды анықтады. Іс-шараға 50-ден астам адам қатысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінде бірнеше адамның атпен жүргенін байқаған. Не болып жатқанын анықтамақ болған полицейлер адамдардың соңына түскен.

Нәтижесінде жақын маңдағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындардың көкпар ұйымдастырғаны, оған 50-60 шақты адамның қатысып жатқаны анықталған.

"Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша тиісті іс-құжаттарды жинақтап, СЭС-ке жолдады", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көкпар
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Құқық қорғаушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын карантин ережелерін бұзбауға шақырды.

"Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Сонымен қатар тұрғындарды көптеп жинап, жиын-той жасамауды ескертеді", - дейді полицейлер.

Айта кетсек, Түркістан облысында тұрғындар карантинге қарамастан көкпар ойынын жиі өткізеді. Мәселен, бұған дейін полицейлер Бәйдібек ауданы Бөген ауылдық округінде ұйымдастырылған көкпарды тоқтатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893995-trkistan-oblysynda-karantinge-karamastan-50-60-adammen-kkpar-tkizilgen/

pixel