Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк тудың желбірегені: Ауыл жігіттерінің не үшін атқа қонғаны белгілі болды

Опубликовано:

Менің туым, менің отаным челленджі
Фото: Whatsapp мессенджері

Желіде еліміздің әр аймағындағы ту ұстап, атқа қонған жігіттердің видеосы тарап кетті. Солтүстік Қазақстаннан бастау алған патриоттық челлендж халық арасында үлкен қолдауға ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Теріскейде басталған эстафета Алматы облысының аумағына келіп жеткен.

Мессенджер арқылы таралған видеода атқа қонған ауыл азаматтары мемлекеттік рәмізді бір ауылдан екінші ауылға ұсынып жатқанын көруге болады.

Елдің назарын аудартқан іс-шараның мәнін Алматы облысы әкімдігі түсіндірді. Атты шеру жергілікті билік органдарымен алдын ала келісілген.

"Бұл - "Менің туым, менің отаным" атты республикалық челлендж. Мұндай іс-шара бұрын СҚО-да өтті. Алматы облысына қарасты ауыл тұрғындары оларды қолдап, атқа қонды. Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін шерушілерге еріп жүр", - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.

Әкімдік өкілінің сөзінше, Алматы облысы аумағында аталған челленджді бірінші болып қолдаған Еңбекшіқазақ ауданының жастары екен.

Әлеуметтік желіде атқа мініп, шерулеткен ауыл жігіттерінің әрекетін сынағандар да табылды.

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев атқа отырып, ту ұстағандарды айыптамауға шақырды. Журналист бұл акцияны жақында Ресей депутаттарының жер туралы айтқан сөздеріне жауап ретінде қабылдайтынын білдірді.

"Соңғы тәуліктерде жалау көтеріп атқа қонған қалың қолды айыптаған түрлі жазбалар көбейіп кетті. Қазақтың бар екендігін, тірі екендігін білдіріп челендж жасаса несі айып?! Солтүстік жерлерімізді қорғауда қаладағы қазақтар тым-тырс жатқанда ауылдағы жігіттер атқа қонса сол айып па екен?!", - дейді Марат Тоқашбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894023-kk-tudy-zelbiregeni-auyl-zigitterini-ne-sin-atka-kongany-belgili-boldy/

pixel