Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстық кәсіпкерлер жарылыстан қираған ғимаратының шығынын әлі өндіре алмай жүр

Опубликовано:

арыс2
Кадр: Астана арнасынан

Арыстағы жарылыс кезінде бүлінген кәсіпкерлік нысандардың кейбірінің қожайындары, әлі күнге дейін тиісті өтемақыны алмаған. Бір жарым жыл бұрын болған апаттан зардап шеккендер, бармаған жер, баспаған тау қалмағанын айтады деп хабарлайды Астана арнасы.

Шығынын өндіре алмай жүргендердің бірі-Мұхамеджан Сапархан. Жеке кәсіпкер екі бірдей ғимаратына бірнеше снаряд түскенін айтады.

"Бір ғимаратым мүлдем жарамсыз болып тұр. Ішіне 4-5 снаряд түскен. Екінші ғимаратыма екеу түскен. 60 млн теңге шығынға баттым. Мен өзім қаражатымды сұрап жатырмын", - дейді кәсіпкер Мұхамеджан Сапархан.

Тағы бір кәсіпкер Убайдулла Сүйінбаевтың айтуынша, шығынды Ұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған "Менің атамекенім" қоры төлеп береміз деген.

Алайда олар осы күнге дейін шығынды өтемеген.

"Менің қазіргі алу керек ақшам бизнес обьектілеріме 78 миллион 812 мың теңгені құрайды", - дейді ол.

Кәсіпкер Бақсұлу Қуатова да өзіне тиесілі қаржыны ала алмай отырғанын жеткізді.

"Жарылыс кезінде менің сауда-саттық орным бүлінді. 12 млн 890 мың ақша шыққан. Переоценка жасап 8 млн 290 мың қылып қойды. Бірақ оны да әлі ала алмай отырмыз", - дейді Бақсұлу Қуатова.

Бизнес иелерінің шығыны Ұлттық Атамекен кәсіпкерлер палатасының бақылауымен төленгені белгілі. Палата жанындағы "Менің Атамекенім" арқылы бүлінген 416 нысанға 3 млрд теңгеден астам өтемақы төленген. Алайда табанымыздан тоздық деген бизнесмендер қаржыны үлестіру барысында бірқатар шикіліктерге жол берілгенін жеткізді. Содан болар, бізге жетпей қалды дейді.

Бұған қатысты пікір білдірген "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Шыңғысбаева болса, барлық түскен қаржы құжатқа сай аударылғанын айтады.

Тіпті тиісті қаражатқа қолы жетпей жүргендердің мәселесін әлі де бақылауда ұстап отырғандарын атап өтті.

Бұл мәселеге қатысты облыстың жауаптылары да пікір білдірді.

"48 кәсіпкердің ғимаратын қалпына келтіруге 358 млн теңге қаражат қажеттігі туралы қоғамдық бірлестік орталық мемлекеттік органдарға, министрліктерге хат жолдап, осы мәселені шешуге ақша бөлу бойынша жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі таңға өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені өзінің қарауына алған", - дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәди Ибадуллаев.

Қаржының нақты қашан төленетіні әзірге белгісіз.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894074-arystyk-ksipkerler-zarylystan-kiragan-gimaratyny-sygynyn-ndire-almaj-zr/

pixel