Бір тәулікте 972 адам: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны күрт артты
Опубликовано:

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 972 жаңа дерегі тіркелді. Бұл мәліметтер coronavirus2020.kz ресми сайтында жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған мәлімттеріне сәйкес, Қазақстанда бір тәулік ішінде 972 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алған.
Айта кету керек, бұл соңғы айларда тіркелген ең үлкен статистикалық көрсеткіш болып табылады.
COVID-19 індетіне қатысты өңірлердегі жағдай мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласы - 121
Алматы қаласы - 121
Шымкент қаласы - 17
Ақмола облысы - 78
Ақтөбе облысы - 7
Алматы облысы - 89
Атырау облысы - 91
Шығыс Қазақстан облысы - 52
Жамбыл облысы - 20
Батыс Қазақстан облысы - 49
Қарағанды облысы - 50
Қостанай облысы - 73
Қызылорда облысы - 8
Маңғыстау облысы - 7
Павлодар облысы - 110
Солтүстік Қазақстан облысы - 53
Түркістан облысы - 26.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 167118.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894081-bir-tulikte-972-adam-kazakstanda-covid-19-zktyrgandardy-sany-krt-artty/