Елімізде өткен тәулікте 600-ге жуық адам коронавирустан айығып шықты
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 599 адам коронавирус індетінен жазылып шықты деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Өңірлер бойынша коронавирус инфекциясынан айығып шыққандардың статистикасы мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласы - 47
Алматы қаласы - 38
Ақмола облысы - 63
Ақтөбе облысы - 2
Атырау облысы - 80
Шығыс Қазақстан облысы - 10
Жамбыл облысы - 15
Батыс Қазақстан облысы - 57
Қарағанды облысы - 34
Қостанай облысы - 36
Қызылорда облысы - 8
Павлодар облысы - 115
Солтүстік Қазақстан облысы - 93
Түркістан облысы - 1.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 152437.
Айта кетейік, республика аумағында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күрт артты. Өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясы 972 қазақстандықтан анықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894082-elimizde-tken-tulikte-600-ge-zuyk-adam-koronavirustan-ajygyp-sykty/