Жамбыл облысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам ұсталды
Опубликовано:

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты ұстады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері ерекше режимдегі түзеу мекемесіне жақын жерде (10 метрге жуық) есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты құрықтады.
Ұсталғандарды тінту кезінде И. есімді азаматтың күртешесінің оң қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші О есімді азаматшаның рюкзактарынан 21 дана полиэтилен түйіншектер табылып, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар екендігі анықталды.
Ұсталғандардың айтуынша, полиэтилен пакеттеріндегі зат “жылдамдық” синтетикалық есірткі заты болып табылады.
Аталған оқиға бойынша Тараз қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазіргі таңда тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар қаласында түн ішінде біреудің көлігін ұрлап кеткен азамат ұсталған болатын.
Сонымен қатар, елорданың екі тұрғыны эвакуатор жалдап, өзгенің көлігін ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 34 және 29 жастағы екі ер адамды ұстаған.
Тергеу барысында күдіктілердің қардың астында тұрған көлікті байқап, оны мініп кеткені анықталды. Олар хабарландыру сайты арқылы көліктің есігін ашатын адамды да шақырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894091-zambyl-oblysynda-esirtki-zattaryn-saktady-degen-kdikpen-eki-adam-staldy/